Қазақстанда мемлекеттік хатшы ауысты - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда мемлекеттік хатшы ауысты

Қазақстанда мемлекеттік хатшы ауысты

АСТАНА. 15-мамыр. Kazakhstan Today. Қазақстанда мемлекеттік хатшы ауысты. Мемлекет басшысының жарлығымен Қанат Бекмырзаұлы Саудабаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 15 Мамыр 2007
  • 421
Фото - Caravan.kz

Осы тағайындауға байланысты Қанат Саудабаев Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен және Қазақстанның Канададағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өкімімен Оралбай Әбдікәрімов ҚР президентінің кеңесшісі болып тағайындалды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті