Қазақстанда мемлекеттік -жеке меншік серіктестігін дамыту тұжырымдамасын дайындау көзделуде - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда мемлекеттік -жеке меншік серіктестігін дамыту тұжырымдамасын дайындау көзделуде

Қазақстанда мемлекеттік -жеке меншік серіктестігін дамыту тұжырымдамасын дайындау көзделуде

Астана. 29 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда мемлекет пен жеке меншіктің серіктестігін дамыту тұжырымдамасын дайындау көзделуде. Бұл туралы мемлекет пен жеке меншік сектордың серіктестігін дамыту мәселелері жөніндегі "дөңгелек үстелінде" ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 29 Мамыр 2008
  • 671
Фото - Caravan.kz

«Мемлекет пен жеке меншіктің серіктестігінің дамуын тиімді әрі дәйекті түрде қамтамасыз ету үшін, біз оның нақты кезеңдерге бөле жүзеге асырылатын концепцясын дайындауды ұсынып отырмыз», — деді Б. Сұлтанов. Ол атап өткеніндей, тұжырымдаманы кезең арқылы жүзеге асырылуы жоспарлануда.

Бірінші кезең аясында мемлекеттік жеке меншік серіктестігі(МЖС) саласында негізгі бағыттар айқындалып, бұл саладағы пилоттық жоспарлардың қаржылық қоржыны белгіленеді. Тұжырымдаманы жүзеге асырудың екінші кезеңі бойынша заңнамаларды жетілдіру шаралары қолға алынып, МЖС негізінде құрылған жоба учаскелері үшін әдіс-тәсілдер дайындалады. Қорытынды кезеңде жобаларды қаржыландыру және тәуекелдерді басқаратын дамыған жүйелерді құру жұмыстары жүргізіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті