Қазақстанда оқушылардың жазғы демалысы қысқартылмайды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда оқушылардың жазғы демалысы қысқартылмайды

Қазақстанда оқушылардың жазғы демалысы қысқартылмайды

Білім және ғылым министрлігі мектептердегі жазғы демалысты қысқарту мәселесін қарастырып жатқан жоқ.

  • 25 Тамыз 2014
  • 464
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Білім министрі Аслан Сәрінжіпов мәлім етті.

«Әлеуметтік желілерде халықаралық сарапшылар Қазақстан мен посткеңестік мемлекеттерде жазғы демалыс өте ұзақ деген мәселені талқылағаны айтылып жүр. Бізде бұл мәселе қаралған жоқ», — деді ол дүйсенбідегі баспасөз мәслихатында.

«Кейбір мемлекеттерде оқушылардың жазғы демалысы қысқа ғана. Бірақ қазіргі сәтте біз оны қысқарту мәселесін талқылап жатқан жоқпыз», — деп қосты А.Сәрінжіпов.