Қазақстанда өрт салдарынан үш адам қаза болды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда өрт салдарынан үш адам қаза болды

Қазақстанда өрт салдарынан үш адам қаза болды

Астана. 14 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда орын алған өрт салдарынан үш адам қаза болды. Бұл туралы агенттік тілшісіне ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 14 Сәуiр 2008
  • 405
Фото - Caravan.kz

«Байрам» мейрамханасының (Астана қаласы) 20 шаршы метр жерінде жайлаған өртті сөндіру барысында екі адамның мәйіті табылды. Қаза болғандар мейманханада жұмыс істеген Өзбекстанның екі азаматы болып шықты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

ТЖМ мәліметтері бойынша, өртті ауыздықтау үшін жеке құрамның 11 адамы және 3 бірлік техника жұмылдырылды.

Сонымен қатар, Қостанай облысының Октябрь ауданында жеке сектордағы жер үйлердің бірінді өрт өршіді. 40 шаршы метр жерді жайлаған өртті сөндіру кезінде бір әйелдің денесі табылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті