Қазақстанда Pfizer вакцинасын салдыра алатындар тізімі кеңеюі мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 524.24
  • 612.94
+21 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда Pfizer вакцинасын салдыра алатындар тізімі кеңеюі мүмкін

Қазақстанда Pfizer вакцинасын салдыра алатындар тізімі кеңеюі мүмкін

Премьер-министр Асқар Мамин коронавирусқа қарсы Pfizer/BioNTech вакцинасын  салдыратын азаматтардың тізімі кеңейтілуі мүмкін екенін мәлімдеді.

  • 15 Қараша 2021
  • 13
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

"Біз түрлі жолдарын қарастырып жатырмыз. Қазір МАБ аясында шешім әзірленіп жатыр, мүмкін, біз оны осы аптада жариялаймыз. Басқа санаттағы азаматтар осы вакцинаны алуы немесе қайта салдыруы мүмкін", — деді Асқар Мамин БАҚ өкілдерімен кездесуде.

Еске салайық, Қазақстанда Pfizer вакцинасын тек жүкті, бала емізетін және 18 жасқа дейінгі балаларға салу жоспарланған болатын.