Қазақстанда қайта карантин енгізілуі жайлы премьер-министрдің орынбасары айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 487.44
  • 567.38
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда қайта карантин енгізілуі жайлы премьер-министрдің орынбасары айтты

Қазақстанда қайта карантин енгізілуі жайлы премьер-министрдің орынбасары айтты

 

  • 3 Қыркүйек 2020
  • 111
Фото - Caravan.kz

Вице-премьер Ералы Тоғжанов Қазақстан үкіметінің жаңа карантин енгізуі туралы ақпараттың жалған екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Бізде ондай ақпарат жоқ. Қазір ауру жұқтырудың өсу қарқыны 0,1% құрайды. Бұл қабылданған шаралардың жетістігі. Бос кереуеттер саны 17% -ға азайды. Ал енді жаңа карантин енгізу туралы мәселе туындамайды", — деді вице-премьер.

Ералы Тоғжанов ведомствоаралық комиссияның келесі отырысы карантин шараларын жеңілдетуге бағытталатыны туралы айтты.