«Жуырда ғана президенттің жарлығы шығып, Қазақстанда қару-жарақ пен әскери техниканы, сондай-ақ, республиканың қорғаныс-өнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама бекітілді»,- деді вице-министр. «Бұл бағдарламада қорғаныс министрлігі мен республиканың қорғаныс-өнеркәсіптік кешені 2015-жылға дейін жүзеге асыратын барлық шаралар, оның ішінде қару-жарақ пен әскери техниканы жөндеу, модернизациялау мен жөндеу жайлы жан-жақты көрсетілген»,- деді ол.
Вице-министрдің айтуынша, бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында «барлық деңгейде екі жақты кездесулер , соның ішінде қорғаныс министрі мен «Рособороноэкспорт» басшылығының кездесуі өтті». «Ұжымдық қауіпсіздік келісім-шарты ұйымының әскери-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық комиссиясы жобасын жасаған әскери-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі құжаттар бізге үлкен көмек. Оларды талқылау бізге модернизация мәселелері бойынша ілгері жылжи беруге септігін тигізеді»,- деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті