Қазақстанда қатаң карантин болады – Цой болжамы - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда қатаң карантин болады – Цой болжамы

Қазақстанда қатаң карантин болады – Цой болжамы

Тәулігіне 9 мың адамға дейін COVID-19 жұқтыруы мүмкін

  • 26 Қаңтар 2021
  • 148
Фото - Caravan.kz

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирустың жаппай жұғу «шыңы» мен Қазақстанның қатаң карантинге көшуінің ықтимал мерзімдерін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Денсаулық сақтау министрлігінде 2021 жылдың соңына дейін эпидемиологиялық ахуалдың даму болжамы жасалды. Министрдің айтуынша, ауру таралуының шарықтау шыңы осы жылдың наурыз айының соңында болуы мүмкін.

«Оптимистік сценарий бойынша, тәулігіне 3 мың жағдайға дейін тіркелу күтілуде, сонымен қатар 24 мың төсекке дейін қолдану болжанып отыр. Пессимистік сценарий бойынша, тәулігіне 9 мың жағдайға дейін КВИ оң жағдайы тіркелуі мүмкін, ал төсек-орын қорының қамтылуы 45 мың төсекке дейін жетуі мүмкін. Сонда денсаулық сақтау жүйесінің шамадан тыс жүктелуіне жол бермеу үшін қатаң карантиндік шараларды енгізу қажет болады», — деді Цой Президенттің қатысуымен өткен Үкімет отырысында.

Ведомство басшысының айтуынша, болжам бойынша, бірінші жартыжылдықта екі миллион адамды вакцинациялау тіркелген жағдайлардың санын 40 мыңға дейін азайтады.


Бұған дейін Цой Тоқаевқа «Қазақстанда дәрі тапшылығы болмайды» деп уәде берді.

Соңғы жаңалықтар