Қазақстанда қауіптіліктің «сары» деңгейі алынады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда қауіптіліктің «сары» деңгейі алынады

Қазақстанда қауіптіліктің «сары» деңгейі алынады

Қазақстан Республикасы Антитеррор орталығы 2017 жылғы 16 қаңтардан еліміздің барлық аумағында бірқалыпты («сары») террористік қауіптілік деңгейінің әрекеті алып тасталатыны жөнінде хабардар етеді.

  • 13 Қаңтар 2017
  • 488
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлайды. Шешімді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 9 тамыздағы № 611 «Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуі қағидаларын бекіту туралы» Жарлығы талаптарына сәйкес қабылдады.

 

Соңғы жаңалықтар