Қазақстанда қазан айына қарай орташа еңбекақы бір жыл ішінде 12,2%-ға артты - kaz.caravan.kz
  • $ 491.37
  • 570.48
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда қазан айына қарай орташа еңбекақы бір жыл ішінде 12,2%-ға артты

Қазақстанда қазан айына қарай орташа еңбекақы бір жыл ішінде 12,2%-ға артты

 Қазақстанда 2014 жылдың қазан айында бір қызметкердің ортаайлық атаулы еңбекақысы

  • 28 Қараша 2014
  • 960
Фото - Caravan.kz


118,884 мың теңгені құрап, 2013 жылғы қазан айымен салыстырғанда 12,2%-ға артты.
Есепті кезең ішінде еңбекақы 4,3%-ға өсті, делінген ұлттық экономика министрлігінің статистика жөніндегі комитет хабарламасында.
Салалық құрылымда ең жоғары еңбекақы кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 240,8 мың теңге, тау-кен өнеркәсібі және кен орындарын игеруде – 237,7 мың теңге, қаржы және сақтандыру қызметінде – 203,8 мың теңгені құрайды.
Ең төменгі еңбекақы білім саласы қызметкерлерінде – 74,4 мың теңге, бұл ел бойынша орташа алғанда 37,4%-ға кем.
Аймақтар бойынша ең жоғары еңбекақы Атырау облысында – 229,1 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен 1,9 есе артық. Солтүстік Қазақстанда ең жоғары еңбекақы 80,9 мың теңге, бұл ел бойынша орташа деңгейден 32,0%-ға төмен.