Қазақстанда құпия аңдуға қатысты арнайы ереже күшіне енді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда құпия аңдуға қатысты арнайы ереже күшіне енді

Қазақстанда құпия аңдуға қатысты арнайы ереже күшіне енді

 

  • 1 Наурыз 2018
  • 345
Фото - Caravan.kz

Елімізде 1 наурыздан бастап қылмыстық процесті реформалау аясында сот алды тергеу орындары тарапынан жеке тұлғаларға қатысты жасырын тергеу амалдары жүргізілетінін міндетті түрде ескерту тәртібі енгізіледі. Бұл туралы Tengrinews.kz. хабарлайды.

Алматыда қазірдің өзінде судья сот алды тергеу органдарының күдіктіге қатысты құпия тергеу амалдарын жүргізуді санкциялау туралы қаулы шығарды

«Осы уақытқа дейін құпия тергеу амалдарын жүргізуге прокуратура санкция беретін. Енді құпия тергеу амалдарын судья санкциялайды. Олардың бір бөлігін анықтаушы өзі атқарады. Әшкерелу мақсатында жалған қылмыс әрекетін жасау, тексеру үшін сатып алу. Алты жағдай: компьютерден жасырын ақпарат алу, телефон тыңдау, пошта айналымын бақылауды бүгінде тергеу судьясы санкциялайды»,- деді ҚР Жоғарғы сотының судьясы Ербол Рахымбеков.

Оның сөзіне қарағанда күдіктілер, аяқталған істерді тергеу, жасырын тергеуге қатысты материалдармен сот алды тергеу барысында танысады.

«Бірақ тергеушілердің пайымдауынша, жасырын тергеу әрекеттері нәтижелерінің тергеуге қатысы жоқ бірқатар тұстары бар. Міне осылармен жауапкершілікке тартылатын адам толық танысу үшін өтініш бере алады.Құпия тергеу амалдары жүргізілмеген адамдарға сот алды тергеу орындары ескерту керек. Бұл үшін белгілі бір уақыт беріледі. Яғни барлық әрекеттер аяқталған кезден бастап алты ай. Және бұл жерде адам келтірілген шығынды талап етуге құқылы. Бірақ атап өтетін бір нәрсе жеке тұлғаға жасырын тергеу жүргізілетіні тек ескертіледі. Ал оның нәтижелерімен таныса алмайды», -деді судья.

«Осыдан соң жеке тұлға сотқа өзіне қатысты жүргізілген құпия тергеу амалдарының заңсыздығын мойындау туралы арыздана алады. Қылмыстық процесульдық кодексте келтірілген шығынды өтеу туралы бап пайда болды. Бірақ шығынды өтеуге қол жеткізу үшін адамдарда құпия тергеу амалдарының заңсыздығы туралы тергеу судьясының шешімі болу керек»,- деп толықтырды ол.


Құпия тергеу амалдарын санкциялау туралы қаулы құпия құжат болып табылады.

Соңғы жаңалықтар