Қазақстанда сәрсенбіде қатты жел тұрады деп болжайды синоптиктер - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда сәрсенбіде қатты жел тұрады деп болжайды синоптиктер

Қазақстанда сәрсенбіде қатты жел тұрады деп болжайды синоптиктер

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Республиканың кей жерлерінде тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет метеоқызметі.  Қостанай, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 25 м/с дейін күшейеді, бұршақ, дауыл болуы мүмкін.

  • 2 Тамыз 2017
  • 262
Фото - Caravan.kz

Қызылорда, күндіз Ақмола облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ, дауыл болуы мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұршақ, дауыл болуы мүмкін, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, күндіз жекелеген аудандарда бұршақ, дауыл болуы мүмкін, түнде және таңертең тұман күтіледі. Жамбыл, Атырау, күндіз Оңтүстік-Қазақстан, Маңғыстау, Карағанды облыстарында желдің күші 15-23 м/с жетеді.

Батыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с шаңды дауылмен бірге күшейеді.Күндіз Атырау, кей жерлерде Ақмола, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік-Қазақстан, Кызылорда, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды облыстарында қатты ыстық күтіледі.


Қызылорда, Оңтүстік-Қазақстан, Жамбыл, Алматы, кей жерлерде Атырау, Батыс-Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.  

 

Соңғы жаңалықтар