Қазақстанда шпрот сатуға және сырттан әкелуге тыйым салынды! - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда шпрот сатуға және сырттан әкелуге тыйым салынды!

Қазақстанда шпрот сатуға және сырттан әкелуге тыйым салынды!

Шпротты жеуге болмайды! Бүгін еліміздің бас санитарлық дәрігері Балтық жағалауынан келетін консервілерді елге әкелу және оның сатылымына тыйым салу туралы қаулы шығарды. Өткен хабарларымызда СЭС мамандарының шпрот құрамынан қатерлі ісікті асқындыратын бензопирен тапқанын айтқан едік.

  • 13 Маусым 2014
  • 211
Фото - Caravan.kz


Консервіленген балықтар елімізге Латвиядан тонналап жеткізіледі. Олар бүгінгі күнге дейін дүкендерде еркін саудаланып келді. Сырттағы тауар өндірушілер біздің еліміздің  мұндай шешім қабылдап жатқанынан бейхабар болатын. Енді бас санитарлық дәрігер консерві шығаратын мекемені құлақтандырамыз деп отыр. Жалпы, Қазақстанда Ригадағы 6 балық зауытының өнімін тасымалдауға тыйым салынбақ. Мамандар  шпорттан бөлек тағы 17 азық-түліктен қауіптеніп, қазір оларды да зертханада тексеріп жатыр. Егер күдік расталса, онда Ресей мен Венгрияда жасалатын консерві өнімдерін әкелуге де қатаң тыйым салынуы мүмкін.