Қазақстанда шығарылған велосипедтер Швейцарияда сатылмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда шығарылған велосипедтер Швейцарияда сатылмақ

Қазақстанда шығарылған велосипедтер Швейцарияда сатылмақ

Қазақстанда шығарылған велосипедтер Швейцарияда сатылатын болады. Бұл туралы ҚР Индустрия және сауда министрлігі «KAZNEX INVEST» Экспорт және инвестициялар Ұлттық агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 19 Наурыз 2014
  • 744
Фото - Caravan.kz

«MERIDA-KZ» Алматы компаниясы» «NOMAD» отандық брендімен велосипедтердің сынамалық партиясын Санлежье қаласына жіберді. «Kaznex Invest» қолдауымен кәсіпорын Швейцария аумағында «NOMAD» велосипедтерін өткізу және сату туралы «VELO-PASSION SARL» мамандандырылған велодүкенмен уағдаластыққа қол жеткізді», — делінген баспасөз хабарламасында.

Өнімді алдын ала техникалық тексеру нәтижесі бойынша еуропалық тарап «NOMAD» велосипедтерінің еуропалық нарық талаптарына сәйкес келетінін растады.

«MERIDA-KZ» директоры Марат Ақынғазиев хабарлағандай, Швейцария халқы велосипедпен көп жүретіндіктен, компания осы елді таңдап отыр. Швейцарияның 7,7 миллион халқына шаққанда шамамен 4 миллионға жуық велосипедтен келеді екен.


Айта кетейік, «MERIDA-KZ» компаниясы велосипедтердің 28-ден астам модельдерін 2007 жылдан бастап шығарып келеді.