Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев аймақтармен телекөпір барысында оның құрылысын бастап берді.
Жоба шамамен 1500 км қашықтықтағы 500 кВ жоғары вольтті электр тарату желісі мен Семей, Ақтоғай, Талдықорған қалаларында 500 кВ үш жаңа қосалқы станция құрылысын қамтиды.
Енді солтүстіктен Қорғанға дейін электр желісі өтеді және Алматы облысы толығымен электр қуатымен сенімді қамтамасыз етіледі, деп Н.Назарюаев телекөпір барысында атап көрсетті.
Ол жобаның Қазақстан үшін маңызды екеніне тоқталды. «Сіздерді құттықтаймын және бастауға рұқсат беремін», деді ол.