Қазақстанда «SportFEST Kazakhstan» республикалық мектеп спартакиадасының іріктеу кезеңі аяқталды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда «SportFEST Kazakhstan» республикалық мектеп спартакиадасының іріктеу кезеңі аяқталды

Қазақстанда «SportFEST Kazakhstan» республикалық мектеп спартакиадасының іріктеу кезеңі аяқталды

Қазақстанда 7 мыңнан астам оқушы «SportFESTKazakhstan» III республикалық спартакиадасына қатысты.

  • 12 Сәуiр 2022
  • 960
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Биыл жарысқа республиканың 17 өңірінің 215 ауданынан 2004-2007 жылғы оқушылар бақ сынасты. «SportFEST Kazakhstan» спартакиадасындабұрынғыдай шахмат, үстел теннисі, қыздар арасындабаскетбол, ұлдар арасында футзал, әскериқолданбалы спорт, тоғызқұмалақ ойындары бар.

Сайыс еліміздің барлық өңірінде өтті. Спартакиада екі іріктеу кезеңінен тұрады. Алдымен барлықоблыста және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында аймақтық жарыстар өтеді. Бұл кезеңдеаудандық, облыстық маңызы бар қаланың командасыөзара сайысқа түседі. І кезеңнің жеңімпаздары«Балдәурен» лагерінде (Бурабай қаласы) өтетін ІІ турда өңірінің немесе қаласының намысын қорғайды.

«SportFEST Kazakhstan» — бұл жас спортшылардықолдайтың бірегей жоба. Бұл инициатива «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамытуҚорының қолдауымен өтеді. Қор балаларды қолдаумен дамытуға арналған көптеген әлеуметтік маңыздыжобаларды жүзеге асырып келеді.

Нұр-Сұлтан қаласындағы ақтық іріктеу кезеңіндефиналистерді «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтікжобаларды дамыту Қорының Бас директоры Альфия Адиева құттықтады. Айтуынша, спорт тек рекордтармен жарыстар емес, бұл біріншіден жан және тәнсаулығы, темірдей тәртіп әрі керемет орта.

«Өздеріңіз білетіндей, «Samruk-Kazyna Trust» жұмысының басым бағыттарының бірі балаларменжұмыс, олардың құқығын қорғау, әртүрлі бағытбойынша нақты қолдау көрсету. Дәл осы бастамааясында, қор оқушылар арасында салауатты өмірсалтын ұстану қағидаттарын қалыптастырып, көптеген жастың спортқа келуіне ықпал етеді», — «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобалардыдамыту Қорының Бас директоры Альфия Адиева.

Айта кетейік, балалар мен жасөспірімдердің өзін-өзітанытуына және дене дайындығын түзетугебағытталған республикалық спартакиада жастарарасында бұқаралық спорт пен патриоттық тәрбиенінасихаттайтын жарыс ретінде танылды. Жобабасталғаннан бері республика бойынша 21 000-нан астам оқушы қатысты!


«Мен футболмен жеті жыл бойы айналысыпкелемін, бірақ бүгін ұмытылмас эмоциялар болды, әрбір турнир қызықты өтеді. Ұйымдастырушыларға өзіңді тағы бір рет дәлелдеп, жаңа адамдармен танысуға болатын осындайтурнир үшін рахмет. Достармен ойнауға мүмкіндікбергеніңіз үшін рахмет», — деп Нұр-Сұлтанқаласындағы бірінші іріктеу кезеңініңқатысушысы өз әсерімен бөлісті.

Айта кетейік, спорттық ойындар өткізу үшін құрал-жабдықтар сатып алынады да кейін сол өңірдегімектептерге сыйға беріледі.

Соңғы жаңалықтар