Қазақстанда сүт өнімдерінің қауіпсіздігі қамтамасыз етілмеген
![]() |
Қазақстанда сүт өнімдерінің қауіпсіздігі қамтамасыз етілмеген, деп есептейді ҚР Сүт одағының атқарушы директоры Владимир Кожевников. |
«Қазақстанда сүт өнімдерінің қауіпсіздігі қамтамасыз етілмеген. Өркениетті, әлемдік стандарттарға сәйкес келетін сүт нарығы әлі күнге дейін қалыптаспаған», - дедіВ. Кожевников жұма күні ғылыми-тәжірибелік конференция барысында.
Сүт одағының өкілі ҚР-да шығарылатын өнімдердің сапасы фермерлер мен шаруа қожалықтарының материалдық базасы әлсіз болғандықтан «тиісті деңгейде емес» деп есептейді.
Оның ақпаратына сәйкес, отандық өндірушілерге шикізат жетіспейді. «Өңдеуге сауылған сүттің 30%түседі, қалғаны тіркелмеген сауда нүктелерімен сатылады. Бұл сала бақыланбай отыр», - дейді ол.
Ол жабайы сауда жасағаны үшін жазаны қатаңдатып, айыппұл сомасын арттыруды ұсынды. В. КожевниковҚазақстанда жылына сауылатынын сүттің көлемін айтқан жоқ.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін