Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі іс-әрекеттердің жалпыұлттық жоспары қабылданады - Назарбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі іс-әрекеттердің жалпыұлттық жоспары қабылданады - Назарбаев

Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі іс-әрекеттердің жалпыұлттық жоспары қабылданады - Назарбаев

Астана. 6 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі іс-әрекеттердің жалпыұлттық жоспары қабылданады. Бұл туралы бүгін Астанада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумның отырысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 6 Қараша 2008
  • 640
Фото - Caravan.kz

«Бүгін мен Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі іс-әрекеттердің жалпыұлттық жоспары қабылданатынын мәлімдеймін»,- деді Нұрсұлтан Назарбаев. Оның айтуынша, жалпы алғанда Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы ТМД аясындағы әріптестер үшін модельдік заңнамаға айналды.

«Нұр Отан» партиясы жүргізіп отырған ауқымды жұмыстарды атап өтпей кете алмаймын», -деді президент.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес стратегиясын жүзеге асырудың бір маңызды құралы — президенттің жанындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері жөніндегі комиссия болмақ. «Ал аймақтық деңгейде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің жанындағы облыстық тәртіптік кеңестер жүргізуге міндетті», — деді Н. Назарбаев.

Алайда, мемлекет басшысының атап өткеніндей, «сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйе толыққанды әрі жоғары деңгейде тиімді жұмыс істеп жатыр деп айтуға әзір келмейді. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының статистикасы өсе түсуде», -деді президент.

«Мұндай жағдаймен біз мүлдем келісе алмаймыз. Жемқорлық мемлекеттің дамуын, оның экономикалық өсімі мен саяси тұрақтылығын тежеп отыр. Біз онымен аяусыз күрес жүргізетін боламыз», — деді Н. Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар