Қазақстанда "Табиғат" экологиялық партиясын құруға бағытталған жұмыстар басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда "Табиғат" экологиялық партиясын құруға бағытталған жұмыстар басталды

Қазақстанда "Табиғат" экологиялық партиясын құруға бағытталған жұмыстар басталды

Қазақстанда "Табиғат" экологиялық партиясын құруға бағытталған жұмыстар басталды. Бұл туралы бүгін, 19-мамырда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында "Табиғат" экологиялық Одағының жетекшісі, жаңа саяси бірлестіктің болашақ лидері Мэлс Елеуісізов мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 19 Мамыр 2004
  • 2316
Фото - Caravan.kz

М.Елеусізовтың айтуынша, Қазақстанда экологиялық партия құруға алғашқы талпыныс 1993-жылы жасалған. Алайда, бұл ниет аяқсыз қалды. Өйткені, ол кезде «партия» деген сөзден «халық ат-тонын ала қашатын. Сондай-ақ, қоғамда «партиялардың қажеттігі тұрғысында нақты мағлұмат қалыптаспаған еді»,- деді М.Елеусізов.

«Ал қазір халық арасында партиялардың қажеттігі төңірегінде нақты ұғым орнықты»,- дейді «Табиғат» одағының жетекшісі. «Экологиялық партия мемлекетімізге, жалпы қоғам үшін қажет». М.Елеусізовтың пайымдауынша, қазіргі тіркелген партиялар экологияға мүлдем дерлік назар аудармайды. Ал жаңа саяси бірлестік, керісінше, экологиялық тауқыметтерді шешуге түрткі болуды өз іс-қызметінің алтын діңгегі деп санайды. «Табиғат» — қазіргі саяси бірлестіктермен салыстырғанда ең бір саясиланбаған партия болмақ.
М.Елеусізов саяси бірауызды қазақстандықтар тарапынан қолдау күтеді. Жаңа партияны еліміздің зиялы қауымы , жалпы білімдар адамдар қолдайды дегенге «Табиғат» одағының лидері сенімді.
Ол жаңа партия құру жұмыстарының бірінші сатысы тамыз айында аяқталып, құрылтай сьезі өтеді деп күтілуде. М.Елеусізов осы мерзімге дейін партия қатарына 50 мың мүше біріктіре алатындығына күмән келтірмейді. Экологтың айтуынша, «Табиғат» партия ретінде тіркелмеген күннің өзінде алдағы мәжіліс сайлауына қатысады. Жаңадан құрылатын экологиялық партияның өкілдері бір мандатты округтер бойынша сайлауға түспекші.

Соңғы жаңалықтар