Жарияланды: 520

Қазақстанда табиғат пайдаланушы бірқатар кәсіпорындар табиғат қорғау шараларына бөлінген қаржыны игермей отыр - Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

Астана. 8 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда табиғат пайдаланушы бірқатар кәсіпорындар табиғат қорғау шараларына бөлінген қаржыны игермей, экологиялық талаптарды бұзып отыр. Бұл туралы ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің экологиялық реттеу және бақылау комитетінің рұқсаттар мен лдицензиялар беру басқармасының бастығы Индира Орманова бүгін қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру мәселелері жөніндегі мекемеаралық комиссияның отырысы

барысында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі. "Ірі кәсіпорындар 2008 жылы табиғат қорғау шараларына 116 млрд теңге бөлуді жоспарлаған, ағымдағы жылдың қыркүйек айындағы жағдаймен қаржы 65% игерілді. Бірқатар шаралар орындалмай қалу қаупі бар", -деді И. Орманова. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін