Қазақстанда төрт партия таратылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда төрт партия таратылды

Қазақстанда төрт партия таратылды

Алматыдағы ауданаралық мамандандырылған экономикалық соттың шешімімен еліміздегі төрт партия таратылды. Бұл туралы ҚР әділет министрлігінің тіркеу қызметі комитетінің KZ-today ақпараттық агенттігі тілшісінің қолына түскен құжаттарында айтылған.

  • 11 Мамыр 2004
  • 449
Фото - Caravan.kz

Атап айтсақ, соттың 2004-жылғы 15-наурыздағы шешімімен «Қазақ елі Ұлттық бірлестігі партиясы» қоғамдық бірлестігінің мөр-таңбасы мен құрылтайшылық құжаттары қуатсыз деп танылды.

Сондай-ақ, соттың 2003-жылғы 26-маусымдағы сырттай шешімімен «Қазақстанның Республикалық халықтық партиясы» қоғамдық бірлестігі таратылды. 2004-жылғы 12 және 24-наурыздағы қосымша шешімдермен партияның мөр-таңбасы мен құрылтайшылық құжаттары қуатсыз деп танылып, оны таратар алдындағы балансы бекітілді.
Соттың 2003-жылғы 4-шілдедегі шешімімен «Қазақстанның «Азамат» демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігі таратылды. 2004-жылғы 15 және 23-наурыздағы қосымша шешімімен партияның мөр-таңбасы мен құрылтайшылық құжаттары қуатсыз деп танылып, «Азамат» партиясын таратар алдындағы балансы бекітілді.
Сондай-ақ, соттың 2003-жылғы 27-маусымдағы шешімімен Қазақстанның халық конгрессі партиясы таратылды. 2004-жылғы 24-наурыздағы сот шешімімен партияны таратар алдындағы балансы бекітілді.
Соттың аталмыш шешімдерімен партияларды мәжбүрлі тарату туралы мәлімет тіркеліп, салық және статистикалық мекемелер аталмыш заңды тұлғалардың өз іс-қызметін тоқтатқандығынан құлағдар етілді.

Соңғы жаңалықтар