Қазақстанда тұңғыш электромобильдер шығарылмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда тұңғыш электромобильдер шығарылмақ

Қазақстанда тұңғыш электромобильдер шығарылмақ

«AllurGroup» компаниясы Iveco PowerDaily атты жеңіл коммерциялық электромобильдерді шығарумен айналысатын Iveco кәсіпорнымен келіссөздер жүргізуде, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызмет

  • 26 Наурыз 2014
  • 799
Фото - Caravan.kz

«AllurGroup» басшысы Андрей Лаврентьев Қостанайдағы «АгромашХолдинг» автомобиль құрастыру зауытында Iveco өкілі Роман Смирновпен және Fiat компаниясының сауда бизнесі бойынша вице-президенті Юссеф Хаджаспен кездесті.

Кездесу барысында делегаттар өзара әріптестік бағыттары, сонымен қатар «АгромашХолдинг» зауытының базасында электромобильдерді құрастыру мәселесі талқыланды.
AllurGroup президенті Андрей Лаврентьевтің сөзіне қарағанда, егер келіссөздер сәтті жүзеге асатын болса, Қазақстанда алғаш рет Iveco PowerDaily атты жеңіл коммерциялық электромобильдерді шығару жолға қойылады.


Кездесу барысында шетелдік меймандар зауытты аралап, IVECO, Nomad пен Toyota автокөліктерінің құрастырылатын цехтарды қарап шықты.