Қазақстанда түрмеден 5 мыңға жуық адам босатылады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда түрмеден 5 мыңға жуық адам босатылады

Қазақстанда түрмеден 5 мыңға жуық адам босатылады

ҚР Бас прокуроры Қайрат Қожамжаров қылмыстық саясатты гуманизациялау шаралары туралы баяндама жасады.

  • 10 Шiлде 2018
  • 30
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚР Бас прокурорының баспасөз қызметі хабарлады.

Қайрат Қожамжаровтың айтуынша, Мемлекет басшысының Жолдауы аясында қылмыстық саясатты гуманизациялау жұмысы күшейді. Осы орайда арнайы заң жобасы да даярланды. Оған сәйкес, 260 қылмыс бойынша қоғамдық жұмыс және бас бостандығын шектеу сияқты жаза енгізіледі. Ал 36 қылмыс бойынша айыппұлдың көлемі төмендейді. Бұдан бөлек, бас бостандығынан айыру мерзімі қысқаратын болады.

«Аса ауыр қылмыстар бойынша жазаға тарту мерзімі 5 жыл деп белгіленіп отыр. Осының негізінде 5 мыңға жуық сотталған адамды босатуға болады. Мемлекет басшысы ол заңға қол қойды», — деді Қайрат Қожамжаров бүгінгі алқа мәжілісте.

Айта кетейік, алқа мәжілісі кезінде ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры Ерғали Мерзадинов аталған оқу орнының кемшін тұстарын жариялады. Оның айтуынша, академия қызметкерлерінің кәсіби дайындығын жан-жақты тексеріп шығу қажет. Себебі мамандардың ауысуы жиілеп кеткен.


Соңғы жаңалықтар