Қазақстанда «Ұялы байланыс сапасын халықтық бақылау» мобильдік сервисі жұмысын бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 518.99
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда «Ұялы байланыс сапасын халықтық бақылау» мобильдік сервисі жұмысын бастады

Қазақстанда «Ұялы байланыс сапасын халықтық бақылау» мобильдік сервисі жұмысын бастады

«Ұялы байланыс сапасын халықтық бақылау» мобильдік сервисі ұялы байланыс және мобильдік интернет жұмысында түрлі ақаулар пайда болған жағдайда

  • 2 Қараша 2015
  • 508
Фото - Caravan.kz

тікелей ҚР ИДМ Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетіне және «Мемлекеттік техникалық қызметі» РМК пікір жіберуге мүмкіндік береді.

Сервисті пайдалану үшін мемлекеттік органдардың халықтан кері байланысты алу мақсатында құрастырылған «Ашық диалог» қосымшасын жүктеу қажет. Қосымша электрондық үкімет порталының «Ашық үкімет» модулінің бөлігі болып табылады, деп хабарлайды ҚР ИДМ БААК баспасөз қызметінен. 

 «Халықтық бақылау» арқылы ұялы байланысты ұсыну сапасы туралы пікір авторланусыз және желінің бар немесе жоқ екеніне байланыссыз жіберіледі. Геопозиция, күн және уақыт сияқты параметрлерді жинау автоматты түрде іске асырылады, ал пікір  ағымдағы орналасқан жерден және басқа жерден де жіберіледі. Сонымен қатар, пайдаланушы қосымша ақпаратты, мысалы, желінің технологиясын, сигнал деңгейін және басқа деректерді де ұсына алады», — деп байланыс және ақпараттандыру саласын бақылау басқармасының бастығы Руслан Әбдіқалықов хабарлады.

Қосымша үш тілде жұмыс істейді: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде.  


Қазір «Ашық диалогты» Android платформасындағы смартфон иелері жүктей алады, ал жылдың соңына дейін ол iOS пен Windows үшін қолжетімді болады.

 «Қазіргі таңда қосымша тәжірибелі пайдалануға берілді, сондықтан да бізге пайдаланушылардың ойы мен ұсыныстарын алу өте маңызды. Ұсыныстарды Playmarket пен әлеуметтік желілердегі электрондық үкімет беттерінде қалдыруға болады» — деп толықтырды Руслан Әбдіқалықов.

Жақын арада қосымшада мемлекеттік органдардың блог-тұғырнамасы пайда болады, оның көмегімен азаматтар өздерінің ұялы телефондары арқылы тікелей министрлер мен әкімдерге сұрақтар қоя алады.