деп хабарлады Қазақстанның экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік агенттігі төрағасының орынбасары Айвар Боданов.
"Соңғы кезде қалыптасқан үдеріске орай, Қазақстан компаниясы делдал болады мыс, сөйтіп ақшаны тауар үшін шетелге аударады", деді ол экономикалық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік органдардың өз ара ықпалдастығының мәселелері талқыланған заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіруші кеңестің отырысында.
А.Бодановтың айтуынша, бұл ақшаны валюталық бақылаусыз, кедергісіз әкетуге мүмкіндік беріп отыр.
"Ресей Федерациясының тәжірибесі бойынша резидент еместердің есеп-шоттарына жалған құжаттар бойынша ақша аудару үшін қылмыстық жауапкершілік енгізуді ұсынамыз", деді ол осы орайда.