Қазақстанда ВИЧ індетін жұқтырған 9038 адам тіркелген - СПИД-тің алдын алу жөніндегі республикалық орталық - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда ВИЧ індетін жұқтырған 9038 адам тіркелген - СПИД-тің алдын алу жөніндегі республикалық орталық

Қазақстанда ВИЧ індетін жұқтырған 9038 адам тіркелген - СПИД-тің алдын алу жөніндегі республикалық орталық

Алматы. 23-қараша. "Қазақстан Бүгін" - 2007 жылдың 1-қарашасында Қазақстанда ВИЧ індетін жұқтырған 9038 адам тіркелген. Бұл туралы Қазақстанның үкіметтік емес СПИД-сервистік ұйымдарының 4-ші форумы аясында өткен конференцияда Республикалық СПИД-тің алдын алу және онымен күрес орталығының бас дәрігері Марьям Хасанова мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 23 Қараша 2007
  • 707
Фото - Caravan.kz

Атап айтқада, Республикалық орталықтың мәліметтеріне сүйенсек, үстіміздегі жылдың қазанында ВИЧ індетін жұқтырған 199 адам анықталған. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда індетті жұқтырғандардың саны 1,3 есеге өскендігі байқалады.

Форум аясында 22-ші және 23-ші қарашада ВИЧ/СПИД және нашақорлықтың алдын алу саласында СПИД-ке қарсы қызмет көрсететін 60-тан астам үкіметтік емес ұйымдардың іс-қызметін талқылау жоспарлануда.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті