Қазақстанда жалпы барлық табыстарды декларациялау жүйесін енгізу жоспарланып отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда жалпы барлық табыстарды декларациялау жүйесін енгізу жоспарланып отыр

Қазақстанда жалпы барлық табыстарды декларациялау жүйесін енгізу жоспарланып отыр

Алматы. 6 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның салық төлеушілер қауымдастығы мен Қаржы және салық құқығы ғылыми зерттеу институты Салық кодексі концепциясының аясында халықтың табыстары мен шығыстарының барлығын декларациядан өткізуді кезең-кезеңімен енгізуді ұсынып отыр (шамалап алғанда 2010-2013 жылдары). Бұл туралы "ҚР салық жүйесінің реформасы" атты семинарда Қазақстанның салық төлеушілер қауымдастығының сарапшысы Нұрлан Мәкенов мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 6 Мамыр 2008
  • 630
Фото - Caravan.kz

«Мемлекет тұрғысынан алып қарағанда шығыстар мен кірістерді жаппай декларациядан өткізу көлеңкелі экономикамен күрестің жақсы құралы ретінде көрінеді», — деп атап көрсетті Н. Мәкенов.

Оның үстіне Алматы қалалық Салық комитетінің төрағасының орынбасары Жанат Тастемірова жақын уақытта қаржылық мониторинг органы құрылатынын болжады. Ол барлық ірі мәмілелерді бақылайтын болады. Оның ішінде нотариус, сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдары арқылы өтетін мәмілелер де бар.

«Әрбір орган үш күннің ішінде қаржылық мониторинг органын қандай да бір субъект қандай да бір мәміле жасағаны жөнінде хабардар етуі тиіс», — деп толықтырды ол.

Атап айтқанда, семинар барысында адвокаттар ұсынатын қызметтерге салық салу мәселелері талқыланды.

«Мемлекет қорғаушылар ұсынатын қызметтің қосылған құнына салық салмақ ниетте. Оның үстіне адвокаттарды заңды тұлғалар сияқты аванстық төлем арқылы табыс салығын төлеуге міндеттегілері келеді. Алайда, адвокаттық қызмет туралы заңға сәйкес бұл қызмет коммерциялық қызмет түрі болып табылмайды және оның мақсаты азаматтар мен әртүрлі ұйымдардың мүдделері мен заңды құқықтарын қорғау», — деп атап көрсетті Н. Мәкенов.

«Оның үстіне адвокаттар өз клиенттерінің құқығын ақысыз негізде қорғайтын істер жеткілікті екені баршаға аян. Сондықтан адвокаттық қызметті кәсіпкерлік қызметпен теңдестірудің қажеті шамалы. Сол себепті де қорғаушыларға қатысты табыс салығы бойынша бұдан да ұзақ талқылау күтіп тұр», — деп түсіндірді ол.

«Жаңа салық заңы келер жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған ағымдық салық міндеттемелерін салық төлеушілердің сақтауын көздейді», — деп атап көрсетті Алматы қалалық Салық комиетінің төрағасының орынбасары Дәулетхан Баймұрзин.

Жаңа салық кодексін 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізу көзделіп отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті