Қазақстанда жаңа Еңбек кодексінің жобасы талқылана бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.03
  • 521.44
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда жаңа Еңбек кодексінің жобасы талқылана бастады

Қазақстанда жаңа Еңбек кодексінің жобасы талқылана бастады

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде жаңа Еңбек кодексінің жобасы талқылана бастады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 26 Наурыз 2004
  • 778
Фото - Caravan.kz

Еңбек кодексінің жобасында Халықаралық еңбек Ұйымының нұсқауларында көрсетілген басты принциптер, атап айтсақ, еңбек етуге қолайлы жағдай жасау және еңбек қорғау, ұжымдық келіссөздер жүргізуге құқылы болу, қауымдастықтар (бірлестіктер) құру құқығы тәрізді негізгі принциптер ескерілген. Сондай-ақ, жоба Қазақстанда бекітілген халықаралық конвенциялардың тәртібіне сәйкеседі, делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараты бойынша, Еңбек кодексінің жобасы бірқатар жаңалықтарды да қамтиды. Мәселен, еңбек келісім-шартының мазмұны жұмыстың атқарылатын орны және келісім-шартына қол қойылған күні тәрізді міндетті шарттармен толықтырылған. Тараптартың өзара ұйғарымы бойынша еңбек келісім-шартында мәселен, тараптарды сынап көру, бәсекелеспеу , лауазымдарды қоса атқару , қызметкерді аттестациялау, оқу мақсатына демалыс беру , қызметкердің кәсіптік дейгейін көтеру (мамандық жетілдіру) туралы шарттар да ескерілуі мүмкін.
Кодекс жобасына бұған қоса, жұмыс беруші себебін көрсетпестен еңбек шартын бір жақты бұзған жағдайда қызметкерге бір жылдық жалақысына тең өтемақы төлеуге келісу туралы жаңа нарықтық механизм енгізілді. Кодекс құзыры еңбек ерекшелігіне қарай мемлекеттік қызметкерлерге, азаматтық қызметкерлерге, дипломатиялық қызмет мамандарына, әскерилер мен оларға теңестірілген тұлғаларға жүруі тиіс.
Еңбек кодексінің жобасын талқыға салу жөніндегі жұмыс тобының мүшелері арасында парламент депутаттары, жұмыс беруші және кәсіподақ ұйымдарының, министрліктер мен мекемелердің өкілдері бар. Олар бірқатар ескертпелер мен ұсыныстар енгізе отырып Еңбек кодексінің жобасын тұтастай мақұлдады.