Қазақстанда жаңа мереке пайда болуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда жаңа мереке пайда болуы мүмкін

Қазақстанда жаңа мереке пайда болуы мүмкін

 

  • 21 Шiлде 2022
  • 32
Фото - Caravan.kz

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қазақстанда жаңа мерекені енгізу туралы қаулы жобасын дайындады. Құжат "Ашық НҚА" сайтында жарияланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құжатқа сәйкес, Қазақстанда мереке күндері тізімінде жаңа кәсіби мереке пайда болады: Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қызметкерлерінің күні — 16 сәуір.

Түсіндірме жазбада тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы (ТКШ) саласының қызметкерлері ел тұрғындарын тәулік бойы жылу, электр, сумен қамтамасыз ететіні, көшелердің тазалығын қадағалап, елдің тұрғын үй қорын басқарып, күтіп-ұстайтыны, сол арқылы тұрғындарға жағдай жасайтыны атап өтілген.

Сондай-ақ, ведомство бұған дейін Кеңес Одағы кезінде ТКШ қызметкерлері күні дәстүрлі түрде шілденің төртінші жексенбісінде атап өтілгені айтылған. Одақ ыдырағаннан кейін бұл мереке Ресейде, Беларусьте, Украинада және Өзбекстанда сақталған.


Құжат жобасы 2 тамызға дейін қоғамдық талқылауға ұсынылған.