Қазақстанда жаңа металлургия зауытын салу ұсынылды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда жаңа металлургия зауытын салу ұсынылды

Қазақстанда жаңа металлургия зауытын салу ұсынылды

Отандық беріктігі жоғары, жоғары легирленген болатты шығару елдегі машина жасау саласының қажеттіліктерін қанағаттандыра алады.

  • 21 Қыркүйек 2018
  • 70
Фото - Caravan.kz

Бүгінде ол кемінде жылына 100 мың тоннаны құрап отыр және бұл көлем Ресейден импортталуда. Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында «Машина жасаушылар одағы» ЗТБ басшысы Мейрам Пшембаев осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Baq.kz агенттігі LS порталына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, машина жасау бүгінгі күні металлургия өнімдерінің ең маңызды тұтынушысы болып табылады. Қазіргі уақытта болаттың ерекше түрлері — беріктігі жоғары, жоғары легирленген болат, автомобиль болаты негізінен Ресейден импортталады. Бұл мәселе машина жасаушылар форумында да талқыланған болатын. Сондықтан ол «2019-2030 жылдарға арналған машина жасауды дамыту бағдарламасының» жобасына енгізілді.

«Біз үшін беріктігі жоғары, жоғары легирленген болатын шығаратын металлургиялық комбинаттың құрылысы өзекті болып отыр. Аталған сала үшін өндіріс көлемінің қажеттілігі жылына 100 мың тоннаны құрайды. Мұндай көлемді біз бүгінде өзімізде шығару керекпіз, себебі, бұл импорт. Бүгінде VI Машина жасаушылар форумының алаңында осы мәселені үкіметпен, машина жасау қауымдастығымен, квазимемлекеттік сектормен, бизнес қауымдастықпен талқылайтын боламыз. Бұл мәселені іске асыру керек және біз өзімізді отандық машина жасау шикізатымен қамтамасыз ету керекпіз», — деді Пшембаев.

Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Роман Скляр саланы дамыту бағдарламасының жобасында мемлекет тарапынан көрсетілетін институционалдық шаралар ғана емес, сондай-ақ, машина жасау үшін отандық болат өндірісі секілді тәжірибелік шаралар да қолға алынғанын айтты.


«Импортты алмастыру бағдарламасы жаппай және машина жасаудың барлық саласын қамтуы керек. Шикізатпен иқамтамасыз ету осы бағдарлама басымдықтарының бірі болып табылады. Қазір біз оны қарастырып, талқылауға шығардық», — деді спикер.