Қазақстанда жаңа омикрон штамы тіркелген жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда жаңа омикрон штамы тіркелген жоқ

Қазақстанда жаңа омикрон штамы тіркелген жоқ

Қазақстанда стелс-омикрон штамы жоқ, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев.

  • 12 Сәуiр 2022
  • 24
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

"Қазір Қытайда және басқа көрші елдерде айналымда жүрген стелс-омикрон штамы бізде тіркелмеген", — деді Байтанаев мемлекеттік телеарнаға берген сұхбатында.

Қазақстанда қазір коронавирустың омикрон штамы басым, сондай-ақ дельта штамы мен Ухань штамы анықталып жатыр.

Комитет өкілінің айтуынша, елде стелс-омикрон штамы пайда болса, одан тек вакцинация және ревакцинация арқылы ғана қорғануға болады.

Айта кетері, стелс-омикрон қазір COVID-19 инфекциясының ең жұқпалы түрі саналады.


Жаңа штамға байланысты Қытайдың Шанхай қаласында белгісіз мерзімге дейін толық локдаун енгізілді – адамдарға үйден шығуға тыйым салынған, ал қалаға коронавирусқа жаппай тестілеу жүргізу үшін мыңдаған медицина қызметкері жіберілді.

Соңғы жаңалықтар