Қазақстанда жарғылық капиталы 20 млрд теңге Инфрақұрылымдық жобалар қоры құрылып отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда жарғылық капиталы 20 млрд теңге Инфрақұрылымдық жобалар қоры құрылып отыр

Қазақстанда жарғылық капиталы 20 млрд теңге Инфрақұрылымдық жобалар қоры құрылып отыр

Бейсенбіде Қазақстан премьер-министрі Серік Ахметовтың төрағалық етуімен өткен ұлттық басқарушы "Бәйтерек" холдингісінің директорлар Кеңесінің отырысы бюджет қаржысын холдингтің жарғылық капиталына капиталдандыру туралы шешім қабылдады, көзделген сома 20 млрд 330 млн 779 мың теңге.

  • 20 Наурыз 2014
  • 663
Фото - Caravan.kz

Бұл қаражаттың 20 млрд теңгесі "Қазына Капитал Менеджмент" АҚ-ның жарғылық капиталын арттыруға бағытталады, ол өз кезегінде ол ақшаны Инфрақұрылымдық жобалар қорын құруға жолдайды, деп хабарлады ұлттық холдингтің баспасөз қызметінен.

Онда атап өтілгендей, Қазақстан премьер-министрі Серік Ахметов биыл ақпан айында индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің отырысында Инфрақұрылымдық жобалар қорын құру жұмысын жылдамдатуды тапсырған, оның ойынша, қор белсенді қызмет атқаруға және инфрақұрылым құруға инвестиция тартуға тиіс.

Холдингтің хабарламасында атап өтілгендей, қалған 330 млн 779 мың теңге соманы "Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік" АҚ прибор құрастырушы конструкторлық бюросын құруға аудару көзделген.


Ұлттық "Бәйтерек" басқарушы холдинг АҚ 2013 жылы мамыр айында құрылған.