«Соттардың IV құрылтайында сөйлеген сөзінде еліміздің президенті Нұрсұлтан Назарбаев атқару өнідірісінің жеке құқықтық ұйымы институтын пайдаланатын басқа да елдердің тәжірибелерін зерделеу қажеттігін атап өтті»,- деп еске сала кетті Қ. Мәми. Оның айтуынша, бүгінде «тиісті заң жобасының тұжырымдамасын Сот әкімшілігі жөніндегі комитет әзірлеп, бұл заң жобасын үкіметтің 2008-2009 жылғы заң жобаларына қатысты жұмыстарының келешек жоспарына қосу туралы ұсыныспен Әділет министрлігінің ведмоствоаралық комиссиясы бекіткен».
Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының жанындағы Сот әкімшілігі комитетінің төрағасы Бақытжан Әбдірайымов өз кезегінде, заң жобасының концепциясы Франция, Польша, Эстония мен Латвияның тәжірибесін ескере отырып әзірленгендігін айтып өтті. «Қазақстанда жеке сот атқарушылар институтын енгізу қажетті бұрыннан туындаған, себебі со шешімін еркімен орындағысы келмеген субъектілерге кәсіби білікті маманды қарсы қою керек, қызмет көрсетудің төлемі сот шешімінң орындалуына тікелей басланысты болады»,- деді Б. Әбдірайымов.
Ол, «сот шешімін дер кезінде орындағаны үшін атқарушыға қомақты сыйақы төленуге тиіс» екендігін атап өтті. «Атқару формасын (мемлекеттік немесе жеке — Kazakhstan Today ескер.) жазаланушы өзі анықтайды, біз оған заңмен бекітілген баламаны ұсынып отырған жоқпыз ғой»,- деп қосты комитет төрағасы.
Б. Әбдірайымовтың пайымдауынша, «мемлекет мүддесіне қатысты істерді мемлекеттік сот атқарушысы қарау керек, ал қалғандарын жеке атқарушыларға беруге болады». «Сондай-ақ азаматқа сот шешімін өз еркімен атқару үшін уақыт беру қажет, және тек осыдан кейін ғана мәжбүрлі жазалауға жүгіну керек»,- деп қосты комитет басшысы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті