Бұл туралы бейсенбі күні Қазақстан мен Польша арасындағы инвестициялық ынтымақтастық мәселелеріне арналған «дөңгелек үстелде» Инвестиция және даму вице-министрі Ерлан Сағадиев хабарлады.
Қазақстандағы негізгі инвестор жеке меншік сектор болып табылады, деді вице-министр.
«Қазір мемлекеттің үлесі 25%-дан аспайды. Үкімет оны қысқарту туралы шешім қабылдады», — деп түсіндірді ол.
Бұрын хабарланғандай, елімізде жекешелендірудің 2014-2016 жылдарға арналған кешенді жоспары қабылданған болатын. 2014 жылы 295 нысанды сату көзделген. Оған қосымша әкімдіктер, ӘКК мен холдингтер тағы 16 нысанды жекешелендірмек. Осы 311 нысанның 20-сы республикалық меншіктегі, 132-сі коммуналдық, 80-і ӘКК, 79-ы холдингтердің меншігіндегі нысандар.