Қазақстанда Жеңістің ұлттық лентасы таратылатын болады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда Жеңістің ұлттық лентасы таратылатын болады

Қазақстанда Жеңістің ұлттық лентасы таратылатын болады

Қазақстанда Жеңістің ұлттық лентасы пайда болды. Астанада бұл лентаны қалағандарға таратып беру акциясы басталды, деп хабарлады сәрсенбіде астаналық әкімшіліктен.

  • 6 Мамыр 2015
  • 573
Фото - Caravan.kz


"Жеңіс лентасын таратып беру акциясы Астанада 2015 жылдың 8-мамырына дейін өткізілмек.Оның басты мақсаты-қазіргі және болашақ ұрпаққа Ұлы Отан соғысы жылдары кезінде елді аман алып қалу үшін, болашақ ұрпақтың бостандығы үшін өздерін құрбан еткендерді ұмыттырмау ”, делінген Астана әкімшілігінің ресми сайтында берілген ақпаратта.
Жеңіс лентасы жібек матадан тігілген, оның ұзындығы 30 сантиметр, ені 3 сантиметр, аспан түсті , орта тұсында алтын түсті ұлттық нақыштардың элементтері салынған.
Жеңіс лентасы Есіл өзені жағалауында,"Хан-Шатыры" және "Керуен" сауда-көңіл көтеру орталықтарында таратылады.