Қазақстанда жол апаттары салдарынан 11 адам, соның ішінде бір бала қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда жол апаттары салдарынан  11 адам, соның ішінде бір бала  қаза тапты

Қазақстанда жол апаттары салдарынан 11 адам, соның ішінде бір бала қаза тапты

Астана. 14 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда жол апаттары салдарынан 11 адам, соның ішінде бір бала қаза тапты, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 14 Сәуiр 2008
  • 599
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Ақмола облысында (Целиноград ауданы, Астана-Қорғалжын тас жолының 51 шақырымы) 13 сәуірде 20 сағат 32 минутта «ВАЗ-2106» және «Ауди» автокөліктері соқтығысу салдарынан «ВАЗ-2106» автокөлігі жанып кетті.

Апат салдарынан бес адам, соның ішінде бес жасар бала оқиға орнында қаза тауып, үш адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

Сонымен бірге, ТЖМ мәліметінше, Батыс Қазақстан облысында (Зеленовский ауданы, Орал-Атырау тас жолының 31 шақырымы) 13 сәуірде 16 сағат 54 минутта «Мазда» автокөлігі «Фольксвагенмен соқтығысты».

Апат салдарынан алты адам, соның ішінде екі және төрт жасар бала жарақат салдарынан қаза тапты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті