Қазақстанда жол бойындағы полиция бекеттері жабылады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда жол бойындағы полиция бекеттері жабылады

Қазақстанда жол бойындағы полиция бекеттері жабылады

Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди қазақстандық автокөлік жолдарындағы полиция бекеттерін жабу туралы сөз қозғады.

  • 29 Мамыр 2019
  • 28
Фото - Caravan.kz

«Ішкі бекеттер қысқартылып, тек жалпы ел аумағының периметрі бойынша қалады. Олар өз ішінде қысқарылатын болады. Ал 300-ге жуық қызметкер күшейтуді қажет ететін қызметтерге ауыстырылады», — деді Алексей Калайчиди.

Бекетке негізделген үйлердің өзі енді басқа мақсатта қолданылатын болады.

«Бекеттердің өзі қонақүйлерге беріледі. Олар қатты суықта кіріп жылынатын жер ретінде немесе дағдарыстық жағдайларда қолданылады. Сондай-ақ, қалаларға кіретін жерде тұратын бекеттер де жабылады, олар біртіндеп қысқарылатын болады», — деді Калаичиди.

Оның айтуынша, жабылатын бекеттердегі полиция қызметкерлеріне жұмыс орындары дайын, ешкім жұмыссыз қалмауы керек.


Ол сондай-ақ, мұндай шаралардың қалаға кіргізетін тыйым салынған заттардың өсуіне әсер етпейтініне сенім білдірді