Қазақстанда жолдарды жөндеудің жаңа технологиясы қолданылады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда жолдарды жөндеудің жаңа технологиясы қолданылады

Қазақстанда жолдарды жөндеудің жаңа технологиясы қолданылады

«Қазақавтожол» РМК автожолдарда шұңқырларға жөндеу жасайтын жаңа көпфункционалды кешенді машинасын алуды жоспарлап оты

  • 31 Наурыз 2014
  • 541
Фото - Caravan.kz

«Соңғы буынды бұл кешенді машиналар бірден 4 операцияны жасауға мүмкіндік береді. Алдымен шұңқыр қысымды ауамен қоқыстан тазартылады, содан кейін ауа ағынымен шаң-тозаң мен батпақтан тазартылады. Кейін шұңқыр битумдық эмульсиямен өңделіп, ауа қысымы көмегімен эмульсиямен өңделген шағылтаспен толтырылады. Бұл автокөліктің жолда тұрақты жүруін қамтамасыз етеді», — делінген ҚР ККМ мәліметінде.  Осылайша, машина зақымданған жол жамылғысын тез және сапалы жөндеуге мүмкіндік береді.

2014 жылы шұңқырлық жөндеу жұмыстарымен Қазақстанда автомобиль жолдарының 1,7 млн. шаршы метрін қамту жоспарланғанын еске саламыз.


Бүгінгі күні Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында республикалық маңыздағы жолдарда шұңқырлық жөндеу жұмыстары басталды. Техникалық регламентке сәйкес, барлық облыстарда бұл жұмыстар қар ерігеннен кейін басталады.

Бұдан тыс, жолдардағы ақауларды уақытымен жою мақсатымен биылғы жылдың сәуірінде облыстар тұрғысында 200 мың шаршы метр республикалық жолдарда шұңқырларды жою жөніндегі жоспар жұмысын бастайды.