Жарияланды: 520

Қазақстанда жұмыстан айырылу жағдайына сақтандыру бағдарламасы енгізілді

Allianz Kazakhstan сақтандыру компаниясы «АТФБанк» АҚ-мен әріптестік бағдарламада банктің заемшыларына арнап жұмыстан айырылу жағдайына сақтандыру бағдарламасын енгізді, ол «Парасат» деп аталады, деп мәлім етті Allianz Kazakhstan басқарушы директоры Дәулет Ақижанов.

«Жыл соңына дейін заемшыларды жұмыстан айырылу жағдайына «АТФБанкте»ғана сақтандырамыз.Келесі жылы басқа әріптестермен жұмыс істей бастаймыз», - деді Д. Ақижанов бейсенбі күні баспасөз мәлімдемесінде. Оның айтуынша, 9 қазақстандық банкпен алдын ала келісімдер жасалды. «9 банкпен келісімдерге қол қойылды. Біздің әріптестер – Альянс банк, Темірбанк және HSBC – бұл жүйе енгізілетін алғашқылардың қатарында болады», - дейді Д. Ақижанов. «АТФБанк» АҚ коммерциялық басқарушы директоры Николоза Курдианидің пікірінше, сақтандырудың жаңа бағдарламасының көмегімен банк активтерінің сапасы әлдеқайда жақсарады. «Сақтандырудың бұл түрі қиын займдарды азайтып, жақсы несиелердің артуына әсер ететініне сенімдіміз. (…) Сақтандыру толығымен ерікті болады, бірақ біз оны әр клиентке ұсынамыз», - деді Н. Курдиани. Кепілдікті несие бойынша 20-55 жас аралығындағы, бір ұйымдағы жұмыс өтілі 1 жылдан кем емес заемшы сақтандырыла алады. Сақтандыру салымының сомасы несие бойынша 3-6 ай үшін төлем сомасының 2,5% құрайды. Сақтандыру жағдайы жұмыс беруші-компанияның штатты қысқартуы, банкротқа ұшыруы немесе таратылуын қарастырады. Бұл жағдайда клиенттің банк алдындағы қарыздары 6 ай мерзімге дейін сақтандыру есебінен өтеледі. Сақтандыру келісімінің мерзімі – 1-ден 3 жылға дейін. Allianz Kazakhstan компаниясының сақтандырудың 20 түрін жүзеге асыруға және қайта сақтандыруға лицензиялары бар. Компанияның филиалдары ҚР-дың барлық өңірлерінде бар. Allianz Kazakhstan акцияларының 100% «Allianz S.E.» халықаралық еуропалық акционерлік қоғамына тиесілі. Компанияның жарғылық капиталы Т2,6 млрд құрайды. ҚР Ұлттық банкінің қаржылық қадағалау комитетінің мәліметтеріне сәйкес, АТФБанк активтерінің көлемі бойынша Қазақстандағы 5-ші банк. 2011 жылдың 1 шілдесінде банктің активтері Т1,12 трлн, жеке капиталы Т88,48 млрд болған. Үстіміздегі жылдың жабылмаған шығыны - Т15,7 млрд. Банктің басты акционері - аустриялық UniCredit Bank Austria AG банкі.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін