Бұндай пікірді бүгін Астанада өтіп жатқан «Қазақстандық жол — болашағы бір ұлт» атты халықаралық саясаттанушылар конгресінде Жоғары геосаяси зерттеулер және аралас ғылымдар институтының президенті (Италия) Тиберио Грациани айтты.
«Президент Назарбаевта ұзақмерзімді саясат бар және ол екі жыл бұрын жарияланған «Қазақстан-2050» бағдарламасына сәйкес келеді. Атап айтқанда, Қазақстан халықаралық алаңдағы өзінің рөлін жақсы түсінеді. Орталық Азия өңірінде, жалпы барша әлемдегі өзіндік рөлін айқын түсініп отыр. Қазақстанда жүріп жатқан саяси және экономикалық реформалар кейіннен Орталық Азияның барлық елдеріне таралуы мүмкін», — деп тоқталды саясаттанушы.
Т.Грациани қазіргі кезде Қазақстан жаһандық экономикалық дағдарысты еңсеру үшін елеулі күш-жігер жұмсап жатқандығына айта келе: «Еуразиялық экономикалық одақ — ол Орталық Азия өңірінде және жалпы әлемде дағдарысты еңсерудің жақсы шарасы», — деді.