Жарияланды: 320

Қазақстанда жүргізуші даярлау тәртібін бұзған мектептерге айыппұл салынады

Қазақстанда көлік жүргізушілерін даярлау тәртібін бұзған автомектеп басшыларына айыппұл салынады, деп ІІМ Жол полициясы комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Тағы бір проблема - бізде жүргізуші даярлау сапасы сын көтермейді», - дейді комитет төрағасы Берік Бейсенқұлов, делінген хабарламада. «Сондықтан жаңа заң жобасында көлік жүргізушілерін даярлау тәртібін бұзған жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға әкімшілік жаза қолдану мәселесі қарастырылған», - деп атап өтті Б.Бисенқұлов. Комитет әзірлеген заң жобасында әкімшілік айыппұл төлегеннен кейін бір жыл ішінде үш рет заң бұзған жүргізуші 6 айға көлік айдау құқынан айырылады делінген. Бұл рульде келе жатып ұялы телефонмен сөйлесу, жол қиылыстарын кесіп өту тәртібін бұзу, жылдамдықты асыру сынды заң бұзушылықтарға қатысты. Заң жобасы бойынша, мүгедектерге арналған жерлерге тоқтағандар мен көлігін қаңтарған жүргізушілерге тұңғыш рет әкімшілік жаза қолданылмақ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін