"Қазақстанда жүрсе де шетелдіктер Қайратты таниды": Гүлзира Айдарбекова ұлымен тағы да мақтанды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазақстанда жүрсе де шетелдіктер Қайратты таниды": Гүлзира Айдарбекова ұлымен тағы да мақтанды

"Қазақстанда жүрсе де шетелдіктер Қайратты таниды": Гүлзира Айдарбекова ұлымен тағы да мақтанды

Гүлзира Айдарбекова Қайраттың Қазақстанда ғана емес шетелдерде де танымал екендігін айтып мақтанды.

  • 2 Наурыз 2020
  • 1874
Фото - Caravan.kz

Бұл турады Caravan.kz медиа-порталы "Ел аузында"  бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Жақында өткен ақын Құрманай Бақтиярқызының кітабының тұсаукесеріне келген Гүлзира Айдарбекова берген сұхбатында Қайрат Нұртастың танымал әндерінің бірі "Алматы түні" әнінің сөзін Құрманай жазды деп алғысын айтты.

"Өздеріңіз білесіздер Тимати, Нюшаға дейін Қайраттың концертіне келген. Егер телефон шалып продюсерлерге хабарласатын болсақ, Қайратты бірден таниды. Бұл да бір еңбек деп ойлаймын. Жан-жаққа өзін өзі танытуда, Қазақстанда жүріп-ақ танытуға болады деген сияқты. Ресейге де шақырды. Қызыл кілемнен де өтті қаншама мықты-мықты әншілердің арасында"  — деп продюсер ана бір мақтанып қалды. 


Айта кетейік Наурыздың 8-інші жұлдызында бұрын соңды болмаған концертті Қайрат Нұртас алып шаһарда "Алматы-Арена" сахнасында өткізбек.

Соңғы жаңалықтар