Қазақстанда жыл аяғына дейін бәсекелестік ортаға мемлекеттік қатысы бар 270-тен астам компанияны шығару жоспарланған - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда жыл аяғына дейін бәсекелестік ортаға мемлекеттік қатысы бар 270-тен астам компанияны шығару жоспарланған

Қазақстанда жыл аяғына дейін бәсекелестік ортаға мемлекеттік қатысы бар 270-тен астам компанияны шығару жоспарланған

Қазақстанда 2014 жылдың соңына дейін бәсекелестік ортаға капиталда мемлекеттік қатысы бар 270-тен астам ұйымды шығару жоспарланып отыр,

  • 25 Маусым 2014
  • 588
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады вице-премьер – қаржы министрі Бақыт Сұлтанов.

"Биылғы жылы 782 ұйымның 278-ін шығару (бәсекелестік ортаға — ИФ-Қ) жоспарланған, олардың ішінде 19 – республикалық ,109 – коммуналдық меншікте, 75 — ӘКК (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар – "ИФ-Қ") және 75 – холдингтер бойынша,-деді ол Астанада сейсенбіде өткен брифингте.

"Қазірдің өзінде коммуналдық меншіктегі 6 нысан сатылды,олардың төртеуі ӘКК бойынша, сомасы 85,6 млн теңге тұрады", — деді Б.Сұлтанов.

Ол қазіргі кезде алдағы айларда саудаға шығарылатын нысандарды бағалау белсенді түрде жүріп жатқанын айтты.

Б.Сұлтанов сондай-ақ саудаға шығару кестесі мен барлық кезеңдерді бақылап отыруға мүмкіндік беретін арнайы есепке алу формалары дайындалғанынан хабардар етті.


"Қаржы министрлігі жүйесінде бірыңғай сауда алаңы жұмыс істейді,ол жүзеге асырыла бастаған 2013 жылдың мамырынан бері біз сервистер мен қызмет түрлерін дамытып келеміз. Қазірдің өзінде 2 мыңнан астам аукциондар өткізілді ", — деп қорытындылады Б.Сұлтанов.