«Қазақстанда дүниеге келген әрбір 1000 баланың төртеуі түрлі ақаулармен туады. Жалпы алғанда жыл сайын 4 мың бала дамуындағы түрлі ақаулармен дүние есігін ашады», — деді министр. Оның нақтылауынша, елімізде жыл сайын 300 мыңнан астам сәби, оның 5% шала туады.
Министрліктің ағымдағы жылдың қаңтар айындағы мәліметінше, республикада мүгедектік тіркеуінде 43 472 бала, яғни, еліміздегі балалардың 1,2% тұр.
А. Дерновойдың айтуынша, барлық мүгедектер, соның ішінде балалар тегін әрі кепілді медициналық көмек аясына қамтылған. «Ақысыз медициналық кепілді көмек ауқымы жыл өткен сайын қайта қаралып, өсе түсуде», -деді ол. Мәселен, кейінгі бес жылда ана мен баланы қорғауға бөлінетін шығындар 5 еседен астам өсіп, 8 млрд теңгеден 45 млрд теңгеге жетті. Министрдің айтуынша, 2008 жылы 59 млрд теңгеден астам көлемде шығындар жоспарланған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті