Сейсенбі күні Заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесі отырысында Бас прокурор Асхат Дауылбаев хабарлағандай, 2013 жылы «жол апаттарының саны күрт артып, 65%-ды құраған».
«2012 жылы 14 мың 168 оқиға болса, 2013 жылы жол апаттарының саны 23 мың 359-ға жеткен», — деп атап өтті ол.
Ал, өткен жылы жол апаты кезінде зардап шеккендер саны 60 пайызға өсіп, 33 мыңға жуық адам жол үстінде жарақат алған.
«Жол-көлік апаттарынан қаза тапқандар саны да кемімей, бұрынғыша, жоғары күйінде қалып отыр. мәселен, елімізде болатын әрбір жетінші жол апаты адам өліміне әкеп соқтырады», — деп атап өтті ол.