«Ведомствоаралық комиссия төрағасы А. Шабдарбаев азаматтық авиацияның қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жүйелік проблемасына қатысушылардың назарын аударды. Осыған байланысты ұйымдастырушылық және нормативтік сипаттағы нақты шешімдер қабылданды. Дүниежүзілік стандарттарға сәйкес қауіпсіздік деңгейіне қол жеткізу басты мақсат етіп қойылды», — деп хабарлайды баспасөз қызметі. Сонымен бірге, отырыста Елорданың онжылдық мерейтойына орай Астана қаласындағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі қаралды.
Ведомствоаралық комиссия отырысында бас прокурордың орынбасары Асхат Дауылбаев, Көлік және коммуникация министрлігінің азаматтық авиация комитетінің төрағаы Мұхит Қубаев пен ішкі істер вице-министрі Алик Шпекбаев баяндама жасады, деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті