Қазақстандағы ғимараттарды сейсмикалық жағынан күшейту тым баяу жүріп жатыр
Қазақстандағы ғимараттардың сейсмикалық төзімділігін күшейту жұмыстары тым баяу жүріп жатыр, деп ТЖ министрі Владимир Божко мәлім етті. |
«Нысандарды сейсмикалық жағынан күшейту мәселесі екінші орында емес, бесінші-оныншы орында тұрғанын мойындауымыз керек. Сейсмикалық күшейту жұмыстары өте баяу, нашар жүргізіліп отыр. Мен бұл сөзім үшін жауап бере аламын», - деді ол сенат депутаттарының «Өңір» тобының жұма күнгі отырысында.
«Біз бір күні қиын жағдайға тап боламыз: депута мырзалар, облыс әкімдіктері мүмкіндік бола тұра (...) нысандарды сейсмикалық тұрғыдан күшейтуге қаржы бөлмегені үшін жауап береді», - деп қосты В.Божко.
Ол депутаттардан облыс бюджеттерін қараған кезде осы саланың толыққанды қаржыландырылуын қамтамасыз етуді сұрады.
Министрдің айтуынша, қазіргі кезде елімізде 658 мектеп, 208 аурухана, 68 бала-бақша мен 168 қоғамдық қоғамдық нысан сейсмикалық күшейтуді талап етеді.
Оған қоса, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі агенттіктің мәліметтеріне қарағанда, сейсмикалық жағынан қауіпті аймақтарда 2 мыңға жуық тұрғын үй құлау алдында тұр.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін