Қазақстандағы компьютерлік қарақшылық деңгейі 90 проценттен асады - Microsoft компаниясының Орталық Азиядағы өкілдігінің төрағасы
Қазақстандағы компьютерлік қарақшылық деңгейі 90 проценттен асады. Бұл туралы бүгін, 1-қазанда Microsoft компаниясының Орталық Азиядағы өкілдігінің төрағасы Айдар Дәулетов мәлімдеді. |
Оның айтуынша, қазір Қазақстан IT-технологияларды ұрлау кеңінен таралған 10 елдің қатарында. А.Дәулетовтың пікірінше, бұл - республикада өз бағдарламаларымыз бен жүйелерімізді өндірумен айналысатын ірі компаниялар мен фирмалардың жоқтығынан болмақ.
Алайда, А.Дәулетовтың хабарлауынша, алдағы уақытта бұл ахуал өзгеруі тиіс. 2003-жылдың тамызында компьютерлік техниканы құрастырумен айналысатын 17 компания Алматыда "бағдарламалық қамсыздандырушыларды өндірушілердің авторлық құқығын қорғау жөніндегі декларацияға " қол қойған.
Ал Ресей мен Украинада компьютерлік қарақшылық деңгейі 80 процентті құрайды. Қазіргі таңда қарақшылық өнімдерді ең аз мөлшерде пайдалану дерегі АҚШ-та тіркеліп отыр, мұндағы қарақшылық көрсеткіші 24 процентке жетеді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін