Қазақстандағы медициналық жоғары оқу орындары түлектерінің дайындық деңгейін жұмыс берушілердің жартысынан астамы "төмен" деп бағалайды - Аяғанов - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандағы медициналық жоғары оқу орындары түлектерінің дайындық  деңгейін жұмыс берушілердің жартысынан астамы "төмен"  деп бағалайды - Аяғанов

Қазақстандағы медициналық жоғары оқу орындары түлектерінің дайындық деңгейін жұмыс берушілердің жартысынан астамы "төмен" деп бағалайды - Аяғанов

Астана. 28 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстандағы медициналық жоғары оқу орындары түлектерінің дайындық деңгейін жұмыс берушілердің жартысынан астамы "төмен" деп бағалайды. Сенат депутаты Серік Аяғанов бүгін "Денсаулық сақтау және халықтың денсаулығын қорғау жүйесін жетілдіру шаралары туралы" парламенттік тыңдау барысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 28 Мамыр 2008
  • 1157
Фото - Caravan.kz

«2006 жылы медициналық жоғары оқу орындары түлектерінің білімін мемлекет тарапынан бағалау қорытындысы бойынша үлгерімнің сапалық көрсеткіші («жақсы» және «өтежақсы») оқушылардың 90%-ынан кем болған жоқ. Бірақ осы орайда денсаулық сақтау саласындағы жұмыс берушілердің арасында жүргізілген сауалнама қорытындысы бойынша оларға келген түлектердің дайындық деңгейін 8,6% ғана «жеткілікті» деп бағалаған», — деді С. Аяғанов.

«Сауалнамаға қатысқандардың 57%-дан астамы олардың білім деңгейін «төмен» деп бағаласа, 33% -ы «қанағаттанарлықсыз» деп бағалайды. Жұмыс берушілердің 1% ғана медициналық жоғары оқу орындары түлектерінің дайындық деңгейін «жоғары» деп бағалайды, — деді ол.

Сонымен бірге, сенатор медициналық жоғары оқу орындары түлектерінің жыл сайын 80% астамы ғана медициналық мекемелерге жұмысқа орналасатынын, бұл елімізде қалыптасып отырған қазіргі «медицина мамандарының тапшылығына» қарамастан байқалатын жағдай екеніне назар аударды. «Сөйтіп, бүгінгі жағдаймен еліміздегі дәрігерлер құрамы медицина саласының сұранысына сан жағынан да, сапа жағынан да сай келмей отыр», — деді С. Аяғанов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті