«9 маусымдағы жағдай бойынша, республикада қырым қанды безгенін жұқтырудың расталған 4 оқиғасы тіркелді. Атап айтқанда Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында — бір-бір факті, Қызылорда облысында екі факті тіркелді», — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.
«Кеше, 8 маусымда Қызылорда облысы Қазалы ауданында «Асыл Ата» кәсіпорнының кене шағып алған 15 жұмысшысы ауруханаға түсті. Олардың бәрі ауруханаға жатқызылды, денсаулықтары қалыпты, қазір медициналық бақылауда», — делінген министрліктің баспасөз баянында.
9 маусымдағы жағдай бойынша, облыстардың медициналық мекемелеріне кене шаққан 3 921 адам шағымданған, оның ішінде Жамбыл облысында — 59 адам, Қызылорда облысында — 457 адам, Оңтүстік Қазақстан облысында — 3 405 адам. Солардың ішінен 206 адам, атап айтқанда Жамбыл облысында — 25 адам, Қызылорда облысында — 107 адам, Оңтүстік Қазақстанда — 74 адам ауруханаға жатып шыққан.